|
06.09.2021 | 21:56
4187

Алматы алдағы жылу маусымына 94 пайызға дайын

Биыл ескірген қазандықтар энергияны үнемдеп, жылу өткізуді жақсартатын заманауи еуропалық өнімдерге алмастырылған

Алматы алдағы жылу маусымына 94 пайызға дайын. Осылай деген жауапты мекеменің өкілдері қазір қалада жылу жүйесінде соңғы сынақтар өткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кешенді шара кезінде жөндеуден кейінгі құбырлардың беріктігі мен тығыздығы тексеріледі. Айта кетейін, биыл ескірген қазандықтар энергияны үнемдеп, жылу өткізуді жақсартатын заманауи еуропалық өнімдерге алмастырылған.

«Бізде сорғы жабдықтары да 94 пайызға дайын. 2021 жылға бізде 17 жылу желісін қайта жөндеуден өткізу жоспарланған, олар аяқталуға жақын. Оның ішінде 20 шақырымға жуық жылу желісі мен 6 сорғы станциясындағы жабдықтарды жаңартамыз, – деді «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир