|
20.04.2021 | 23:11
3232

Алматыда ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматыда 2 млн 633 мыңнан аса тал-терек бар

Алматыда ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәуірдің басынан бері көшелер мен аулалардан 3 мыңнан астам қураған ағаш бұтақтары кесілген. Мақсат – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамассыз ету, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала бойынша жасыл желектің ең көп орналасқан жері – Медеу ауданы. Мұнда қазір 433 мыңнан аса тал-терек бар. Оларды жыл сайын күтіп баптау мақсатында санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері қураған және апатты жағдайдағы 50-ге жуық ағаш кесіліп, мың жарымнан аса терек ретке келтірілген.  
«Аталған жұмыстардың ішінде аудан тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге байланысты және көше бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың тізімі жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Медеу ауданы бойынша санитарлық қырқу және кесу жұмыстарымен 5 мердігер топ жұмыс істеп жатыр», – деді Медеу ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Есбол Күребай.
Кесілген бір ағаштың орнына өтем ретінде 10 түп көшет отырғызылуы керек. Санитарлық қырқу жұмыстары күзге дейін жалғасады. Ал, қазан айынан бастап, оталған ағаш орнын толтыру мақсатында көшеттер егіле бастайды. 
Мәселен, мына оталған ағашқа 70 жыл болыпты. Діңгегі шіріп, өздігінен құлаудың аз-ақ алдында тұр. Мұндай ағаштардың қауіптілігі аса жоғары. Әсіресе, аула ішінде орналасқаны тіпті қиын дейді. Биік ағаштар электр бағанасына кедергі келтіреді. Салмағы 4 тонна болатын бұл терек қоқысқа тасталмайды. Аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қысқы отын ретінде жеткізіледі. 
«Емен ағашы бар, қара ағаш бар, қара ағаштың өзі 5-6 түрі бар. Аурудың да түрлері бар. Ракпен ауыратын түрлері бар. Ағаштардың 50-60 пайызы қисайған дейді гой, еңкейіп тұрған ағаштар. Жалпы ағаштарға санитарлық қырқу жыл бойына жүргізіле береді. Орта қолданыстағы жерлердегі санитарлық қырқу уәкілетті органдардың келісімімен жүргізіледі», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Сейітбеков.
Бүгінде Алматыда 2 млн 633 мыңнан аса тал-терек бар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша биыл жыл соңына дейін 350 мың түп көшет егу жоспарланған. 
Ұлағат Арғын, Ялкунджан Әшімжанов, «Алматы» арнасы
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир