|
25.01.2021 | 11:35
911

Доллар бағамы көтерілді

Доллар 0,94 теңгеге қымбаттаған

Фото: ашық дереккөзден

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE мәліметінше доллар 0,94 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысына сәйкес биржада доллардың орташа бағамы - 420,69 теңге.

Айта кетейік, америка валютасының 23-25 қаңтардағы ресми бағамы 419,69 теңге болды.

Kurs.kz дерегі бойынша қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 421,82 теңге, ал сатып алу - 420,23 теңге.

Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны орта есеппен 421,69 теңгеден сатып, 420,42 теңгеден сатып алады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир