|
19.01.2021 | 17:11
1658

БЖЗҚ-дан ақша алу қалталыларға арналған жоба емес – экономист

«Алматы» арнасының «Басты назарда» бағдарламасында БЖЗҚ-дан ақша алудың ережесі туралы талқыланды

Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады, ол тұрғын үй бағасына қалай әсер етеді, қаржыны кімдер ала алады? Бұл сұрақтарға экономист-сарапшы Мақсат Халық пен жылжымайтын мүлік бойынша маман Алтайбек Жаналинов жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы» арнасының «Басты назарда» бағдарламасында БЖЗҚ-дан ақша алудың ережесі туралы талқыланды. Эфир қонағы экономист Мақсат Халық аталған жоба қалталы азаматтар үшін емес, орта тапқа арналғанын айтты.

«Еңбек нарығында 10 млн жуық адам бар. Былтыр қыркүйекте еңбекке жарамды 10 млн адамның 721 мыңы зейнетақы қорынан ақша ала алатын болса,  қазір 761 мың адамның зейнетақы қорынан ақша шешіп алуға мүмкіндігі бар. Демек, жұмыс істейтін 10 млн адамның 7 пайызы ғана жобаға қатыса алады.  Көбісі халыққа қолжетімсіз, қалталы азаматтар үшін жасалынған жоба деп жатыр.  Олай деуге келмейді. Себебі, қалталы азаматтар ақшасын зейнетақы қорында жинамайды. Жоба орта тап өкілдеріне арналған десек, дұрысырақ болады. Кезінде жұмыс істеген, маңдай терімен тапқан ақшасын енді ала алады», – деді М.Халық.

Сонымен қатар бағдарламада БЖЗҚ-дан ақша алу тұрғын үйдің бағасына қалай әсер ететіні туралы айтылды.

Толығырақ «Басты назарда» бағдарламасынан көре аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

БЖЗҚ Зейнетақы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир