|
06.11.2019 | 20:14
1836

Алматыда тағы бір сатушысыз дүкен пайда болды

Қаладағы ірі дүкендер желісінің бірі әзірге осындай 4 касса орнатқан

Бүгін тұрғындармен бірге шенеуніктер де «сатушысыз касса» қызметінің жұмысын байқап көрді. Бұл тек өзіне-өзі қызмет көрсету ғана емес, сондай-ақ, адамдардың қаншалықты адал екендерін көрсететін бастама дейді мамандар. Қаладағы ірі дүкендер желісінің бірі әзірге осындай 4 касса орнатқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кейін игі бастаманы жалғастыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде сатып алушылардың 22 пайызы өзіне өзі қызмет етеді. Айта кетейік, сауда қолма-қол төлемсіз, тек картамен жүреді.

«Негізі кассаны қолдану түкте қиын емес. Түсінікті болу үшін арнайы тақтайша іліп қойдық. Бізде жаңа жүйенің жанында әрдайым кеңесшілер жүреді. Олар қалай қолдану керектігін үйретеді және жас ерекшеліктеріне байланысты сатылатын тауарларды қадағалайды. Мәселен, ішімдік, шылым секілді. Касса Америкада жасалған. Бағдарламаны қондырып, тексерістен өткіздік. Қазірдің өзінде, тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие», - деді компанияның сату бөлімінің басшысы Николай ХРАМЦОВ.

Бұл - «Алматы - адалдық алаңы» аясында ашылған екінші «сатушысыз касса». Осыған дейін мамыр айында қаладағы «Юбилейный» дүкенінде іске қосылған еді. Дүкенді мониторингтен өткізген мамандар халықтың адал екендерін айтады. Себебі, ешқандай заңбұзушылық тіркелмепті.

«Бұл жерде азаматтардың, халықтың санасының баға беруі, өтірік айтпай, затын адал сатып алу негізі мәселе болып табылады. Кейбір ұяты аздау, санасы төменірек алған затын жымқырып, былай алып кететіндер адамдар болуы мүмкін», - деді Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар ИГІЛІКОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

касса магазин
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир