|
24.08.2020 | 10:49

Жаңа телехикая: «Алматы жүрегімде» сериалында басты рөлдердің біреуін сомдайтын әнші Айбек Серікхановпен сұхбат

Телехикаяның сюжеттік желісі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы зиялы қауымның өмірі жайында болмақ

Жаңа телехикая: «Алматы жүрегімде» сериалында басты рөлдердің біреуін сомдайтын әнші Айбек Серікхановпен сұхбат

Жуырда  «Алматы» телеарнасында жаңа сериал көрермендердің назарына ұсынылады. «Алматы жүрегімде» атты бұл туынды тарихи оқиғалар желісінде түсірілген. Телехикаяның сюжеттік желісі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы зиялы қауымның өмірі жайында болмақ.

Басты рөлдердің біреуін әнші Айбек Серікханов сомдайды. Олай болса, өзінен түсірілім барысы жайлы сұрап көрелік.

– Қайырлы күн! «Алматы жүрегімде» атты көпсериалы кинотуындыда басты рөл сомдаған екенсіз. Осыған дейін түскен фильмдеріңізден қандай айырмашылығы бар? Түсірілім барысынан алған әсеріңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Біріншіден, маған өзімнің сомдайтын кейіпкерім ұнады: жағымсыз кейіпкер. Алғашқы рет басты рөл сомдап отырмын. Осыған дейін эпизодтарда түсіп жүрдім. Бұл рөлді сомдау үшін жан-жақтылық керек. Сол жағы мені қызықтырды.   Бір кезде мейірімді, бір кезде қатыгез боламын. Офицердің киімімен жүрем, бірақ өзім қылмыскермін. Адамды өлтіре салу маған түк емес. Қызға күліп қараймын, мейірімді болып көрінемін. Бірақ түсірілім кішкене қиындау өтіп жатыр. Әріптестермен ойнау, сосын мәтін жаттау дегендей. Сондай-ақ,  таза орыс тілінде рөл сомдау  кішкене қиындық туғызып жатыр, себебі қазақы ортада туып өстім.

– Жалпы өзіңізді кейіпкеріңізбен байланыстыратын  ортақ дүние бар ма? Мінез, өзіңізді ұстауыңыз, сөйлеу мәнеріңіз деген сияқты. Кейіпкер келісетін жер болады, келіспейтін жер болады дегендей.

– Адам өлтіру жағы дер едім. Кейіпкерім қылмыскер, қатыгез, ал мен ондай емеспін ғой. Сол жағымен келіспеймін. Мінез жағынан кішкене өзіме ұқсайды. Сабырлы, ұстамды.

– Әр актер өзіне берілге рөлге әр түрлі дайындалады. Сіздің қалай дайындалатыңызды білгіміз келеді. Кейіпкерді ашу үшін не істейсіз?

– Осы күнге дейін көрген кино, сериалдардан, әр фильмнен, әр кейіпкерден бір нәрсе аламын. Сценарийді, тексттерді оқығанда кадрдың қалай түсетінін көзіме елестетіп аламын. Менің кейіпкерім бір жерде Безруковқа ұқсайды, бір жерде «Сволочидағы» кейіпкерге ұқсайды. Бізге түсірілімге дайындықты шыңдау үшін көретін фильмдер тізімін жіберген. Сол фильмдерді де көріп жатырмын.

– Кастингті қалай өтті? Қиын болды ма?

– Кастинг видеопроба түрінде өтті. Олар маған сценарийді жіберді. Ал, мен сол сценарий бойынша өзімді видеоға түсіріп жібердім. Сөйтіп, режиссердің көңілінен шықтым.

– Негізігі мамандығыңыз актер емес қой? Сізді бәріміз әнші ретінде танимыз.

– Негізі эстрадалық вокалистпін. Иә, мен вокалды оқыдым, бірақ актерлық шеберлік сабағын да алғанбыз. Сондықтан екеуін қатар алып жүру аса қиын емес.

– Сериал махаббат линиясы ма жоқ, әлде детектив жанрына жақын ба?  

– Драма, бірақ детективке  де ұқсайды арасында. Енді бұл сериал тарихи болғаннан кейін, 40-жылдардағы оқилар желісімен түсірілген. Қазір локация іздеп табу да қиын. Мұндай ескі ғимараттар да аз қалды. Сондай-ақ, киімдердің бәрі ескі. Шынымен, сол жылдарда жүрген сияқтымыз.

– Телесериалды күтіп жүрген көрермендерге қандай тілек айтасыз?

– Көрермендердің көңілінен шығады  деп ойлаймын. Күтіңіздер! Біз барымызды саламыз!

– Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Bólisý

‡агрузка...

Oqı otyryńyz

2093
09.09.2020
4975
26.08.2020
2202
05.08.2020
3348
27.06.2020
Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!