|
27.10.2020 | 10:21
993

Түркістан облысында 200 орындық модульді аурухананың құрылысы жүріп жатыр

Биыл елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған

baq.kz

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында 200 төсек-орынға лайықталған модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Биыл елімізде 13 модульді инфекциялық стационар салынуы жоспарланған болса, соның бірі Түркістан шаһарындағы нысан болып табылады.

Айта кетерлігі, 200 төсек-орынның 180-і инфекциялық жұқпалы ауруларға, ал 20 орын реанимациялық ауруларға арналған. Ауруханада цифрлы рентген аппараты, ультрадыбыстық аппараттар және өзге де озық үлгідегі техникалар бар.

Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымы бар.

Жалпы, инфекциялық стационардың құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир