|
25.10.2020 | 12:27
725

Коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр

Олардың арасында 245 бала бар

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы 25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы, науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған»,  –  делінген министрлік ақпаратында.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир