|
04.08.2021 | 15:15
1013

Олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркелді. Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді.

Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті. Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Ол, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді. Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.


Қазақпарат

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

вирус екпе Токио
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир