|
29.10.2020 | 16:14

COVID-19: Әлемдегі ахуал

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер қатарында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция бар

COVID-19: Әлемдегі ахуал Фото: ашық дереккөзден

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің 32 отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында сарапшылар коронавируспен күрес жүргізу шараларын талқылады. Германияда 2 қарашадан бастап локдаун енгізіледі. Елде коронавирустың жылдам өршуіне байланысты жаңа шектеу шаралары туралы шешімді Канцлер Ангела Меркель және 16 федералды жердің премьер-министрлері қабылдады. Қараша айында ел тұрғындары әлеуметтік қарым-қатынасты барынша азайтуға міндеттелді. Барлық көңіл көтеру орындары, мейманханалар, дәмханалар мен көптеген қызмет көрсету нысаны бір айға жабылады. Талапты сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. 

Айта кетейік, соңғы 10 күнде неміс клиникаларының интенсивті терапия бөлімшелеріндегі науқастар саны екі есеге артқан. Соңғы тәулікте коронавирус 15 мыңға жуық адамнан анықталды.  

Әзірбайжанда карантин режимі 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. Коронавирус инфекциясы жаңа түрінің таралуын және оның ықтимал салдарының алдын алу мақсатында ел аумағында Әзербайжан республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы негізінде айрықша карантин режимі енгізілді. Оперативті штабтың мәліметінше, соңғы күндері Ләнкәран қаласы, Жәлилабад, Масалли аудандарында инфекция жұқтырғандар саны артқан. Осыған байланысты 29 қазанда бұл қала мен аудандар аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Тек арнайы және жедел қызметтер мен жүк көліктеріне ғана өтуге рұқсат етіледі. 

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер қатарында АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция бар. АҚШ-та 9 миллион астам адам індет жұқтырып, 233 мың адам қайтыс болған. Ал Үндістанда халықтың 8 миллионы ауру жұқтырып, 120 мыңнан астам адам індеттің құрбаны болды. Бразилияда 5 миллион 400 мың адам вирус жұқтырып, қауіпті індеттің ілмегіне 158 мың адам іліккен.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!