|
27.04.2022 | 10:28
6693

Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды

Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді

Атырауда жасөспірім мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығылды qostanai.media

Атырауда №36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Ақжайық сайтына сілтеме жасап.

Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді, кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет болды.

"Жәбірленуші 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет еместігіне және бізде қазір жақ-бет хирургиясы маманының жоқтығына байланысты науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауы тиіс еді. Алайда бүгін сағат 12-де ата-анасы ұлын қолхат жазып, ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуі тиіс", – деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ.

Атырау облыстық Полиция департаменті бізге бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабымен («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

"Оқиғаға байланысты қалалық білім бөлімі мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп директоры мен әкімшілігіне тәртіптік жаза қолданды. Оқушының жағдайы бақылауға алынды", – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фариза ШАНГЕРЕЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Атырау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир