|
30.09.2020 | 15:28
1694

Ақтөбеде Q-NET компаниясының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аталған мекеме басшылары қаржылық пирамида құрды деген күдікке ілініп отыр

Ақтөбеде Q-NET компаниясының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған мекеме басшылары қаржылық пирамида құрды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы аймақтағы экономикалық тергеу департаментінің мамандары мәлімдеді. Анықталғаны, Q-NET өкілдері алдымен бағалы заттарды сатып алуды ұсынады. Мәселен, құны 2 мың доллар тұратын сағат, сақина немесе шетелге саяхат алу керек. Тұтынушы пайдаға кенелу үшін өзімен бірге екі адам әкелуі шарт. Олар да, дәл сондайі қымбат заттарды алуы тиіс. Соның арқасында компания аптасына 1 мың доллар ақша табасыз деп сендіреді екен. Сондай-ақ, аталған мекеме әлеуметтік желілерде жарнамасын да белсенді таратып жатқан көрінеді. Өңірлік экономикалық тергеу департаментінің мамандары Q-NET-ке кіру үшін көпшілік кредитке ұрынатынын айтады. Қазіргі кезде тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир