Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылық құрамы қызметтен қуылды

16.11.2023 в 16:08

Тергеу жүргізіліп жатыр

Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылық құрамы қыз зорлау дерегінен соң қызметінен қуылды. Бұл туралы Ішкі Істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Марат Қожабаевтың айтуынша,Талдықорған полиция департаментінің бастығына қатысты істе тың деректер ашылып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізу үшін аймаққа тәртіп сақшылары жіберілген.

–Тексеру жұмыстары жүргізілді. Талдықорған департаменті басшылығының жауапкершілігі жіті қаралды. Ішкі істер министрі департаменттің бастығын, оның орынбасарларын қызметтен босатты,  - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.

Оқи отырыңыз: Ағашты заңсыз кескендер жазаланады