|
09.08.2022 | 16:53
509

Алматының Әуезов ауданында «Абай оқулары» өтті

33 мектептен іріктелген жас дарындар қатысып, бақ сынады

Almaty.tv

Абай күніне орай бүгін Алматының Әуезов ауданында «Абай оқулары» өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан іс-шараға қаладағы 33 мектептен іріктелген жас дарындар қатысып, бақ сынады. Хакім мұрасын дәріптеген оқушыларға аудан әкімдігі арнайы алғыс хат мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

«Мен өзіме көптеген мәлімет алдым. Бүгін Абай Құнанбайұлының «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңін оқыдым», – деді №133 мектеп - гимназиясының оқушысы Гүлім Төлеухан.

«Бұл іс-шараның мақсаты   – Абай мұрасын балалардың бойына сіңіру. Абайдың қара сөзін, өлеңдерін жас ұрпаққа дәріптеу», – деді Әуезов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кәмшат Тұрдыбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Прямой эфир