|
10.09.2021 | 17:03
4821

«DiNaZaur» телехикаясының 3-маусымы несімен ерекше

Телехикая 12 бөлімнен тұрады

Жаңа маусымда – жаңа телехикая. Көпшіліктің сұрауымен  «DiNaZaur» комедиялық сериалының 3-маусымы түсірілді. Отбасылық өмірден алынып түсірілген туынды, басқа маусымдарға қарағанда ерекше, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Отбасылық құндылық пен әйелдер арасындағы шынайы достықты дәріптейтін телехикая 12 бөлімнен тұрады.

«3-маусым жаңа кейіпкерлердің қосылуымен ерекшеленеді. Қыздардың құрамы ауысқан жоқ, тек бір қыз қосылды. Өмірдің бәрі кино емес, бірақ кино өмірден алынады. Телехикаяны көріп отырған көрермен әртүрлі адамның мінезін көріп, өзінің мінезіне ұқсастығын байқайтын болады. Туынды 12-бөлімнен тұрады», – деді режиссер Дәулет Бекмағамбетов.

«DiNaZaur» телехикаясында Зәуренің жігіті Артур 3-маусымда 100 пайызға өзгеретінін айтты.

«Мен алдыңғы маусымдарда өте жақсы жігіттің кейіпкерін сомдап келдім. Бұл маусымда Зәуреге опасыздық жасап, жағымсыз кейіпкерге өзгеремін. Телехикаяның жаңа маусымы өте қызық», – деді актер Ерсұлтан Адырбек.

Ал, жаңа маусымда жаңа кейіпкердің рөлін сомдайтын актер Медет Аманбаев кастингтен онлайн өткенін жеткізді.

«Мен «DiNaZaur» телехикаясының 1,2-маусымына түскен жоқпын. Кастингке видео жіберіп онлайн өттім. Бұл аталмыш сериалда кәсіпкер жігіттің рөлін сомдаймын», – деді актер Медет Аманбаев.

Айта кетейік, шытырман оқиғаға толы  үш құрбы жайында «DiNaZaur» телехикаясы 13 қыркүйектен бастап сағат 20.40-та «Алматы» арнасының эфирінен көрсетіледі.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сериал
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир