|
15.03.2022 | 10:33
10087

ҚР Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреу себебін атады

Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге қысымды күшейтті – Ғалымжан Пірматов

ҚР Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреу себебін атады inform.kz

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгенің әлсіреу себебін атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты қаржы және тауар нарықтарында бұрын-соңды болмаған шоктардың әсерімен дамушы елдердің валюталарымен бірге теңгенің айырбастау бағамы осы жылғы ақпанда құбылмалы болды. Бағамның негізсіз күрт ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылық бойынша тәуекелдерді шектеу мақсатында Ұлттық банк кей күндері валюталық интервенция жүргізді. Оның көлемі ақпанда 273,7 млн доллар болды. Бұл операциялар туралы ақпарат жедел жария етілді», - деді Ұлттық банк төрағасы Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, Ұлттық қор қаражатын бюджетке трансферттер бөлу үшін конвертациялау операциялары, квазимемлекеттік сектор валютасын сату, экспорттаушылардың бюджетке салықтық төлемдері ұлттық валютаға қолдау көрсетті.

«Факторлар балансының негативті жаққа ауысуы, нарықтардағы тәуекел-сентимент теңгенің долларға шаққандағы бағамының ақпанда 495 теңгеге дейін 14,2 пайызға әлсіреуіне себеп болды. Наурызда қосымша санкцияларға, оның ішінде Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге қысымды күшейтті. Наурыздың басынан бастап 542 млн долларға интервенция жүргізілді. Биылғы жылғы 14 наурызда теңге бағамы бір доллар үшін 511,74 теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир