|
04.08.2022 | 12:32
703

Канада 890 адам маймыл шешегін жұқтырғанын растады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады

inform.kz

Канада қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде 890 адам маймыл шешегін жұқтырғанын растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Вирусты жұқтырғандар Онтарио провинциясында – 423, Квебекте – 373, Британдық Колумбияда – 78, Альбертте – 13, Саскачеванда – 2 және Юконда 1 тіркелді. Канада Ұлттық микробиологиялық зертханасы маймыл шешегін тудыратын вирусқа диагностикалық тест жүргізеді. 

Сонымен қатар зертхана геном тізбегін анықтап, маймыл шешегінің канадалық үлгілеріне кеңейтілген талдау жасайды. Канада үкіметі «Imvamune» вакцинасының 70 мыңнан астам дозасын сатып алды және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир