|
04.10.2022 | 19:00
701

Еліміздің емханаларында отбасылық дәрігер қашан қызмет көрсетеді

Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Вячеслав Дудник айтып берді

стоп кадр

7 жылдан кейін еліміздің емханаларында «отбасылық дәрігерлер» қызмет көрсетеді. Игі бастама Денсаулық сақтау министрлігінің биыл қабылдаған жаңа заңы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы ведомствоның вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталмыш жоба Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің демонстрациялық платформасы негізінде қолға алынып отыр. Бұл ретте Қазақстанның сапалы медициналық көмек көрсетудегі оңтайлы тәжірибесін Қырғызстан Республикасы өз жүйесіне енгізуге ниетті. Осы мақсатта көрші елдің делегациясы бүгін Алматыға келіп, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының бастамасымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

«Біз дәрігерлер мен медбикелерді оқыту үшін қаржы бөлдік. Мәселен осы жоба аясында жүзеге асырылған 5 бағдарлама бойынша 7 мың медицина қызметкері оқудан өтті. Яғни бөлінген қаржы жастардың білім алуына жұмсалып жатыр. Біз емханалардағы қызмет сапасын арттыру бағытында жасалған жұмыс оң нәтиже береді деп сенеміз», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

«Қазақстан медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша ТМД елдері арасында көш бастап қана қоймай, оның ең тиімді тәсілдерін өз тәжірибесінде қолданып келеді. Ал Еңбекшіқазақ ауданы бұл саясаттың оң нәтиже беріп отырғанына дәлел. Осы әдіс арқылы Қазақстан сапалы медициналық қызмет көрсетуімен қатар, нақты диагностика жасауға мүмкіндік алды», – деді ДДСҰ Еуропалық орталығының мсак бойынша техникалық кеңесшісі Арнольдас Юргутис.

Жалпы жиын Қазақстандағы емханалардың қызмет көрсету сапасына арналды. Өйткені елімізде халықтың 50 пайыздан астамы алғашқы көмекті емханадан алады. Тәжірибе алмасуға келген Қырғызстан ведомствосының өкілі Улан Садыков 1 жыл бұрын еліндегі Денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгеріс болғанын айтады. Нәтижесінде біріктірілген 40 медициналық мекемеге осы жаңа білімді енгізуді жоспарлап отыр екен.

«Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңашылдықты өз елімізге кезең-кезеңімен енгізгіміз келеді. Осы мақсатта бірнеше күн оқу-тәжірибе жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Делегация құрамында Қырғызстанның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері де бар. Мамандарымыз Қазақстанның Денсаулық Сақтау жүйесін қаржыландыру тетіктері бойынша білім алмасады»,– деді Қырғыз республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Улан Садыков.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир