Марат Ирменов Алматы ҰҚК департаментінің басшысы болып тағайындалды

13.01.2022 в 10:33

Ол бұрын ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған

Полковник Марат Ирменов ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Марат Ирменов 2020 жылы ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.