|
14.03.2018 | 11:53
1909

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды

Мұхтар Әбілязовтың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремисттік ұйым деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Ведомство елден қыруар қаржыны қалталы етіп, шекара асқан Әбілязовтың іс- әрекеті елімізде тіркелмей, заңсыз түрде үгіт - насихат жүргізгендігін анықтаған. Органның ресми өкілі Оксана Лоскутова қозғалыстың көздегені - Ата заңымыздың талаптарын бұзып, оның құрылысын күштеп өзгерту мен ел азаматтары арасында қазіргі биліктің бет-бейнесін жағымсыз етіп көрсету, -деді.

«Астана қаласының Есіл аудандық соты аталған мәлімдемені толық қанағаттандырды. Яғни «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйым деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен видеохостинг арқылы ақпараттық материалдарды таратып, қолдануға болмайды», - деді  ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана ЛОСКУТОВА.

Ал ескертуді құлаққа ілмегендер ғаламтор мен әлеуметтік желіде Мұхтар Әбілязовтың үндеуіне, не қандай да іс-әрекетке шақыруына өз пікірін қалдырған тұлға заң алдында жауап беруге дайын болу керек - дейді құзырлы орган өкілі. Дәлірек айтсақ, қозғалыстың парақшаларын таратқан, посттар мен пікірлерді дайындағандар, шығарғандар, көбейткендер, қаржыландырғандар екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеумен қатар, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Тіпті, еліміздің бес аймағында, бес қозғалыс белсендісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Әбілязов
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир