Су тегін: бағыңды сынап, сыйлық ұтып ал

20.09.2023 в 16:00

«Алматы» телеарнасы көрермен назарына телевикторина ұсынады

Жаңа маусымда жаңа жоба! «Алматы» телеарнасы өз көрерменіне «Су тегін» телевикторинасын ұсынады. 

Жобаға кәмелет жасқа толған кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін 8-775-116-98-65 WhatsApp нөмерін теріп, өтінім қалдыру қажет.

Қойылар талап – сұраққа дұрыс жауап беру. Жеңімпаздар бағалы сыйлыққа ие болады. Сыйлық ойын барысында ойнатылады.

Айта кетейік, бағдарламаны белгілі актер, тележүргізуші Рахман Омар жүргізеді.