|
23.08.2023 | 09:47
1886

«Алматы» арнасында жаңа бағдарлама көрерменге жол тартпақ

Бағдарламаға ғылым, әдебиет, мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген қаламгер, өнерпаз тұлғалар қонақ болады

«Алматы» арнасында жаңа бағдарлама көрерменге жол тартпақ

27 тамыздан бастап «Алматы» телеарнасынан «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы көрерменге жол тартпақ.

Жобаның мақсаты – бүгінде ғылымды дамытуда жасалып жатқан қадамдар мен ауқымды істің қарқыны, әдебиет, мәдениет, өнер саласында еңбек етіп жүрген қаламгер, өнерпаз тұлғалардың шығармашылық жолындағы еңбегі мен жетістігін көпшілікке жеткізу.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мәдениет және руханият саясатына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға нақты міндет қойған. Бұл туралы Президент жолдауында айтылған. Сол себепті бағдарламаның идеясы – мемлекеттің дамуына, халықтың рухани кемелденуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген тұлғалармен сұқбат құрып, кейіпкердің шығармашылығы мен тұлғалық қасиеттерін, жүріп өткен жолын көрерменге үлгі ету», – деді бағдарлама жүргізушісі Жанарбек Әшімжан.

Жарты сағаттық бағдарламаға ғылым, әдебиет, мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген қаламгер, өнерпаз тұлғалар қонақ болады.

Айта кетейік, «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы әр жексенбі сайын сағат 21:30-да көрсетіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир