|
13.10.2023 | 19:32
3595

«Алматы» телеарнасының жаңа жобаларын тамашалаңыз

Сағат 21:15-те ойын-сауықтық «Кешкі Алматы» бағдардаламасы эфирге шығады

«Алматы» телеарнасының жаңа жобаларын тамашалаңыз Almaty.tv

Алдағы демалыс күндерді «Алматы» телеарнасымен бірге өткізіңіз! Арна ұжымы жаңа маусым қарсаңында көрерменге жаңа жобаларды ұсынады. Ойын-сауықтық, әлеуметтік-танымдық бағыттағы туындылармен бірге, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін телехикаяларды да біздің арнададан тамашалай аласыздар.

«Жерұйық» бағдарламасында тарихы терең, шежірелі бай өлке қазақ жерінің ғажайыпқа толы, көрікті жерлері көрсетіледі. Ақпараттық-танымдық жанрдағы туындының алғашқы бөлімдері көпке беймәлім, сұлу табиғаты бар жұмақ мекен оңтүстік өңіріне арналады. Travel show әр сенбі сағат 11:00-де көрсетіледі.

– Түсірілімнің арқасында бармаған жеріміз жоқ. Өзің көріп тұрғандай, күннің астында жүріп қап-қара болып күйіп кеттік. Бәрі көрермендер үшін. Құрметті көрермендер, еліміздің әдемі жерлерін «Жерұйық» бағдарламасынан көріңіздер, – деді бағдарлама жүргізушісі Рауан Рамазан.

Биылғы жаңа маусымның басты музыкалық жобасы – «Жұлдызды караоке» көрерменге жол тартты. Жобаға эстрада әншілері, актерлер, блогерлер мен желі жұлдыздары қатысады. Әзіл-оспақ пен музыкалық жанр үйлесім табатын бағадарламаны танымал актер Қайрат Әділгерей мен белгілі журналист Мөлдір Анарбаева жүргізеді.

Бағдарламаға кезінде танымал болып, бүгінде сахнадан жырақтап кеткен өнер жұлдыздары да арнайы келеді деп күтілуде. Сондай-ақ өткен күннің естен кетпес есті әндері шырқалады. Әр жексенбіде сағат 19:00-де «Жұлдызды караокені» тамашалай аласыздар.  

«Алматы» телеарнасы тұрақты көрерменін жексенбінің кешін де бірге өткізуге шақырады. Сағат 21:15-те ойын-сауықтық «Кешкі Алматы» бағдардаламасы эфирге шығады. Әзіл мен қалжыңға толы хабарда түрлі саланың өкілдері бас қосып, қызықты ойын өткізеді.

Ұлағат Арғын, Рамазан Өмен, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир