Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ офлайн оқуға қаншалықты дайын

Дәстүрлі оқу жүйесінің маңызы қандай?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ офлайн оқуға қаншалықты дайын

Биылғы оқу жылында сабақ дәстүрлі форматта басталады. 1 қыркүйекте мектептер мен колледж, университеттер шәкірттерге есігін айқара ашпақ. Биылғы офлайн форматтағы оқу, бұрынғыдан өзгерек болмақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ офлайн оқуға қаншалықты дайын? Дәстүрлі оқу жүйесінің маңызы қандай? Бұл сұрақтың жауабын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Дәстүрлі  оқу студенттер үшін өте қажет. Себебі толыққанды білім алады. Өткен кезеңде оған мүмкіндік болмады, қазір біз толық дайындық үстіндеміз. Ең басты мәселе –санитарлық талаптарға сай бар жағдайды жасау. Соңғы жылдары ҚазҰУ-ге түскісі келетіндердің саны артты. 5 жылдың ішінде 10 мың студентке артып отыр. Қазіргі пандемия талаптарына сай,  бөлмеде тұратын адамдардың саны да қысқарады. Сондықтан да біз қазір қосымша жатақхана дайындап жатырмыз. Одан бөлек, ҚазҰУ қалашығында тағы да қосымша жатақхана салу жоспарланып жатыр», – деді Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар, университет ректоры қауіпті індетті тоқтатудың және дәстүрлі оқу форматына көшудің басты жолы – вакцина алу екенін де еске салып, оқытушылық құрамның қанша пайызы екпе алғанын айтты.  

«Жалпы оқу ордасында оқытушыларымыздың 70 пайызы, ал студенттеріміздің  79 пайызы вакцина алды. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді ол.

«Басты назарда» бағдарламасынының толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир