Жүрсін Ерман профессор атанды

Енді ол өнер академиясында «айтыс» мамандығы бойынша дәріс оқымақ

Танымал ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман профессор атанды. Мұндай атақты оған Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы берген, деп жазады Stan.kz.

Енді ол өнер академиясында «айтыс» мамандығы бойынша дәріс оқымақ.

«Мен кеше Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры болып атандым! Енді академияда ашылған Ұлттық өнер факультетінде айтыс мамандығы бойынша дәріс оқитын боламын», - деп қуанышымен бөлісті ақын желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман 1951 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. ҚазМУ-дің (ред. қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдаған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир