Тәуелсіздік және білім

1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді

ашық дереккөзден

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан дербес дамудың жолына түсті. Экономиканы оңалтудан бөлек, білім саласын жетілдіруге де басымдық берілді. Мәселен, 1999 жылы «Білім туралы» Заң ұзақ талқылаудан кейін қабылданды. Онда білім беру саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін, білім процессі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Бұл жылдары министрліктің құзырындағы барлық күндізгі жалпы білім беретін мектептің саны 8 мыңнан асты. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбек тарқатады.

1994 жылы бір топ қазақстандық студент алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Қазір «Болашақ» стипендиясының тәжірибесін Қытай, Польша, Финляндия, Украина секілді дамыған елдер зерттеп, өз қолданыстарына енгізген. Осы жылдардың ішінде «Болашақ» Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Бүгінде аталған стипендиямен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр.

«Бұл бағдарлама, шынымен, тамаша мүмкіндік беретін бағдарлама. Тіпті, мүмкіндіктер есігін ашатын қалтаңдағы кілтің десең болады. Жалпы алғанда «Болашақ бағдарламасы мен үшін серпін берді. Отбасылық жағынан да, жеке өмірімде де, маман ретінде қалыптасуыма да оған дейін дипломатиялық қызметте, халықаралық қатынастарда жүрсем, кейін құқық саласына мамандана бастап, өзімнің біліктілігімді ары қарай арттыруға жол ашты», – деді «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Алмат Игенбаев.

Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова білімді ел – мәңгілік елге айналатынын сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көре білді және білім саласын дамытуға бар жағдайды жасады, дейді. Өйткені бірден қазақ тілінде білім беретін мектептер ашып тастау оңай шешім емес еді ол кезде. Аласапыран уақыттан аман шыққан елдің білім мен ғылым саласындағы бүгінгі жетістігі озық елдерден асып түспесе кем емес деген пікірде.

«Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қазақ мектебі деген Алматы қаласында аз еді ғой. Сол тәуелсіздік алған жылы мен сол тәуелсіздіктің арқасында қазақ мектебі етіп қайтадан ашқан №159 Ы. Алтынсарин атындағы мектепке директор болдым. Міне, тәуелсіздіктің ең алғашқы өзім көзіммен көрген, өзім содан 25 жыл директор болып қызмет істедім. Тәуелсіздіктің жемісін де, жеңісін де сол мектепте көрдім», – деді Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова.

Небәрі тәуелсіздіктің алғашқы бес жылдығында әлем қауымдастығындағы жаңа мүше - тәуелсіз Қазақстан әлемге танымал болып үлгерді. Осы кезеңде Қазақстанды 117 мемлекет таныды. 105 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Мұның барлығы елде жүргізілген сауатты саясаттың жемісі, дейді кейіпкерлеріміз.

Асылбек Тойбек

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир