|
04.07.2023 | 03:00
2606

Ақтауда жер сілкінді

MPV магнитудасы – 5.8

Ақтауда жер сілкінді Фото из открытых источников

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде күні сағат 02.02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 14.2. MPV магнитудасы – 5.8. Тереңдігі – 70 км. Эпиошақ координаттары – 42.29° с.е. 49.89° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу: Ақтау қаласында 2-3 балл.

Айта кетейік, 4 шілде күні сағат 00:01-де Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркеді. Каспий теңізінде қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты тербелесін Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир