|
21.03.2022 | 08:46
4940

Петропавлдағы апат: Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Петропавлдағы апат: Президент тұрғындарды тез арада жылумен қамтуды тапсырды  Берік Уәлидің Ғacebook парақшасынан

Бүгін таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын. Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген.Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде. Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир