|
18.01.2021 | 10:21
5206

Нұрлан Өнербаев Мейрамбек Беспаевқа жылы лебізін білдірді

Нұрлан Өнербаевтың ыстық лебізіне көпшілік қауым ақ тілектерін жаудыруда

Instagram

Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев ауруханаға түскен Мейрамбек Беспаевқа тез сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мейрамбек бауырым,қазақ, "Ауырып тұрдым, аунап тұрдым" - дейді. Әлі-ақ құлан таза айығып, тұрып кетесің. Алла шипасын аямасын деп тілеймін!» – деді әнші. 

Нұрлан Өнербаевтың ыстық лебізіне көпшілік қауым ақ тілектерін жаудыруда. 

«Көптің тілегі көл дейді ғой, амандығын тілейміз", "Алла шипасын берсін. Аман есен сауығып отбасына оралсын!", "Алған емі шипалы болып, отбасына аман-есен оралсын", "Жазылып кетсін шипасын берсін", "Аман есен Қазақ елінің ортасына жүре беріңіз!", "Қазақтың дара туған ұлына Алла шипасын берсін», – дейді желі қолданушылары.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир