|
07.09.2023 | 10:27
2202

Мегаполисте жаңа автобустар пайдалануға берілді

Сонымен қатар жыл соңына дейін 21 маршрут жаңартылады

Мегаполисте жаңа автобустар пайдалануға берілді Алматы әкімдігінің баспасөз қызмғті / пресс-службы акимата Алматы

Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 5 маршрутта (№38, 69, 47, 113, 125) 102 автобус жаңартылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар жыл соңына дейін 21 маршрут жаңартылып, күшейтіледі, автобустар саны 332-ден 411-ге дейін көбейтіледі.

«Сіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша биыл 3 бағдаршам құрылысы бойынша жұмыс басталды. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, іске қосылды. Солтүстік айналым көшесіндегі 2 бағдаршамды қарашада қосу жоспарланып отыр», - деді әкім.

5 жерүсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне биыл жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар осы қыркүйектің соңына дейін аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир