Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды

15.11.2023 в 10:32

Қозғалыс аралығы – 12 минут

Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы басқарма 25 елдімекенді қамтитын 10 жаңа қала маңындағы маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.  Бұрын 5 маршрут ашылған еді, қалған 4-дайындық үстінде.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңына қатынайтын бағытты ашу көзделген. Соның есебінен 50 елдімекен қамтамасыз етіледі.