|
11.10.2019 | 10:57
3121

Алматыда «Мега» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр

«Мега» СОО-дан күдік туғызатын зат табылған

Алматыда «Мега» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр inform.kz

Алматы полициясы «Мега» ойын-сауық орталығынан адамдарды қауіпсіз жерге шығарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан «Мега» СОО-дан күдік туғызатын зат табылған. 

Қазір қаланың шұғыл және жедел қызметтері бұл затты тексеруде. Партуль экипажы ғимараттағы келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялап, көліктерді қашық аймаққа шығарып жатыр. 

Полиция қала тұрғындарына сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздері таратқан мәліметті басшылыққа алуды сұрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир