|
20.05.2022 | 11:04
403

Әлемдегі ең қымбат көлік сатылды

Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді

© Sotheby's / Mercedes-Benz AG

Sotheby's аукционында Mercedes Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé жеке коллекционерге 142 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Sotheby's үйінің мәліметі бойынша бұл аукциондар тарихындағы ең қымбат көлік. Mercedes Benz-тің алдыңғы рекорды 95 миллион доллар болды. Mercedes-Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé "әлемдегі ең әдемі автокөлік" ретінде белгілі.

Ол жасаушы, жарыс автомобильдерінің әйгілі инженері Рудольф Уленхоуттың атымен аталған. Мұндай көліктің тек екі данасы бар. Рекордтық сомаға сатылған көлік 1955 жылы жасалған.

Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді.

Дереккөз: sputnik.kz

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

көлік аукцион
Новости партнеров

Прямой эфир