|
26.02.2019 | 12:06
2479

Анасы жүк көлігі астына түскен баласын соңғы сәтте құтқарып қалды (ВИДЕО)

Баласы үшін ерлік жасаған ананың әрекеті көпшіліктің көңілін босатты


Анасы баласын соңғы сәтте  құтқарып қалды. Бұл сәт желіге жарияланды.

Оқиға Вьетнамның солтүстігінде Намдинь провинциясында болды. Кадрдан байқағанымыздай, көлік үш адам отырған мотоциклді қағып кетеді. Мотоциклдегі әйел мен баласы құлап, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігінің астына түсе жаздады. Анасы өзі құлап бара жатып, соңғы секундтарда көлік астынан баласын тартып қалды. Қуанышқа орай, жүк көлігі әйел мен баласын жанап өтті. Жүк көлігінің қатты жылдамдықпен келе жатқанын көруге болады.

Ал мотоцикл жүргізушісі бұның ешқайсысын да көрген жоқ. Сәлден кейін ғана бұрылып, артына қарады. Көлігін тұраққа қойып, зардап шеккендерге көмектеспек болды.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылары әйелдің ерлігіне таңырқады. Баласы үшін ерлік жасаған ананың әрекеті көпшіліктің көңілін босатты.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир