|
20.09.2021 | 13:16
8611

Жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден озды

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады

Жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден озды lenta.inform.kz

Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэл Ниязбек дүние салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады.

Рафаэл Ниязбек 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тамамдаған. 

1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 

1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. 

1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының I. Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері. Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Б. Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир