|
02.09.2021 | 12:45
5638

«Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды

Еліміздің түпкір-түпкірінен 100 ден аса талапкер бақ сынаған байқауда 8 жеңімпаз іріктеліп, ақшалай жүлделерге ие болды

Абай күніне орай ұйымдастырылған Республикалық онлайн байқаудың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еліміздің түпкір-түпкірінен 100 ден аса  талапкер  бақ сынаған байқауда 8 жеңімпаз іріктеліп, ақшалай  жүлделерге ие болды.  

Жеңімпаздарды Алматы телеарнасының «Таңғы студия» бағдарламасында айтыскер ақын, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының Ринат Зайтов марапаттады.

«Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» Республикалық онлайн байқау жеңімпаздары

Бас жүлде Диас Мұратхан

1-орын  Амангелді Серікбекұлы

2-орын  Жасұлан Тажиев

3-орын Маржан Әптербек

«Абай жолы» балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық онлайн байқау жеңімпаздары

Бас жүлде Әбдірахман Ринатұлы

1-орын Шыңғыс Асығатұлы

2-орынТоғжан Серікбай

3-орын  Сқақ Тоғжан

Сондай-ақ, жеңімпаздар Абай өлеңдерін тікелей эфирде жатқа оқыды. 

Айта кетейік, байқау 2021 жылы 7-10 тамыз аралығында Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен өтті. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жеңімпаз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир