|
21.10.2020 | 14:11
621

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген

inform.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Кемеңгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі. 2011-2012 жж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.

2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир