|
27.10.2019 | 14:51
2827

JASYL ALMATY: 2000 деревьев высадили в микрорайоне Саялы Алатауского района

В экоакции приняли участие более 500 человек. Также было высажено 900 деревьев в березовой роще. В мероприятии принял участие и народный артист Казахстана Алибек Днишев.

«Саялы» ықшамауданында өткен сенбілікке 500-ге тарта адам келіп, 2000-нан астам ағаш екті. Студенттер, қоғам белсенділері, мемлекет қызметкерлері және қала тұрғындары шаған, үйеңкі, қараған және терек көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Одан бөлек, 900 түп ағаш қайың тоғайына егілді. Алматы қаласы әкімінің бастамасын тұрғындармен бірге, опера әншісі де қолдады.

«Бұл – керемет бастама. Менің ойымша, барлық алматылықтар акцияға қатысуы керек. Алматыда 3 млн халық тұрады десек, оның 2 миллионы ағаш егетін болса, қаламыз жарқырай түсер еді», - дейді КСРО Халық әртісі Әлібек ДІНІШЕВ.

«Біз өз ұжымымызбен керемет «Жасыл Алматы» акциясына қатысып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Алматы қаласы тұрғындарына айтарымыз, осындай акциялар көп ұйымдастырылса екен. Біздің сүйікті қаламыз жарқырай берсін, ағаш отырғызып, біздің балалаларымыз таза ауамен демалатындай», - деді қатысушылардың бірі Жазира ИМАНБЕКОВА.

Еске сала кетейік, «Jasyl Almaty» акциясы қала экологиясын жақсартуға бағытталған. 3 жылға арналған жоба шеңберінде мегаполисте 1 миллион түп ағаш егу жоспарланған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир