|
01.12.2020 | 23:45
1146

Елордада дәмханадағы жарылыстан кейін мыңға жуық қоғамдық тамақтану орындары тексеріледі

Жергілікті билік газ баллонын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бизнес нысандарының иесіне айыппұл сала алмайды

Жергілікті билік газ баллонын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бизнес нысандарының иесіне айыппұл сала алмайды. Себебі елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның Есіл ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар тәртіп сақшыларымен бірге елордалық қоғамдық тамақтану нысандарының газ нормаларын сақтауына рейд жүргізді. Енді елордадағы мыңға жуық дәмхана мен мейрамхана тексерілмек.

«Көбісі адамның жауапкершілігіне байланысты. Көп нысандар көпшілік жиналатын орындар болғандықтан, төтенше жағдай орын алған кезде сол мемекенің басшысы жауап береді. Біз өз тарапымыздан рейдтік іс-шаралар өткіземіз, түсіндірме жұмыстарын жасаймыз, оларға жеткіземіз», – деді Есіл ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Алмас Сүлейменов.

Талап бәріне ортақ екенін шағын және орта бизнес өкілдері елей бермейтіні рейд барысында анықталды. Қауіпсіздік ережесіне сәйкес, газ баллондар нысанның сыртында тұруы керек. Алайда олар көбінесе үй-жайлардың ішіне  қойылған. Сонымен қатар, баллондардың пайдалану мерзімі де сақталуы тиіс. Бірақ төтенше жағдай қызметінің мамандары бұл талап та орындала бермейтінін айтады. Естеріңге салайық, елордадағы Шұбары шағын ауданында газ баллоны жарылып, салдарынан 30-дан астам адам зардап шеккен болатын. Оқыс оқиғадан 2 адам көз жұмып, қалғандары түрлі жарақат алған.

«Қазіргі таңда газ баллонның жарылу салдарынан зардап шеккен 21 адам қалалық №1 көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр. Екі науқас жан сақтау бөлімінен комбустиология бөліміне ауыстырылды. Денсаулық жағдайы орташа қалыпты, асқынусыз», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир