|
09.08.2020 | 16:25
1554

Шығыс Қазақстанның 9 ауылына интернет желісі тартылады

Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов хабарлады

Биыл Көкпекті ауданына қарасты 9 елді мекенге кең жолақты интернет желісі тартылады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов хабарлады. Бұған дейін сапалы интернет желісіне зәру болып отырған тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болды. 

«Биыл ауданға қарасты елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде осы жылы тоғыз ауылға кең жолақты сапалы интернет желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Биағаш, Егінбұлақ, Мариногорка, Жұмба, Мойылды, Палатцы, Подгорное, Қаракөл және Песчанка ауылдары. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Жасұлан Майкенов. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

ШҚО
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир