|
24.11.2020 | 16:48
4487

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаева 70 жаста

Жиын барысында Айсұлу апамыздың жылдар бойы атқарған ерен еңбегі еленіп, ұрпаққа қалдырар мол мұрасы сөз болды

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаева 70 жасқа толды. Әдеби әлемде ойып тұрып орын алған тұлғаның мерейтойы Қазақстан жазушылар одағының бастамасымен атап өтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында Айсұлу апамыздың жылдар бойы атқарған ерен еңбегі еленіп, ұрпаққа қалдырар мол мұрасы сөз болды. Сондай-ақ, асқақ абыройға ие тұлғаны ел азаматтары құттықтап, зор қошемет танытты. Айта кетейік, ақынның қиын-қыстау замандарда жарық көрген «Шың-Құз» кітабы халыққа ереше рух сыйласа, «Шыңғыс хан», «Бабырнама» дастандары тарихтың бізге беймәлім бастауларынан сыр шертеді.

«Айсұлу қазаққа қатысты, қазақтың өміріне қатысты, ірлігіне қатысты, қазаққа тіреліп тұрған проблемалар болса, соның басы-қасыда жүрді, әлі де жүріп келе жатыр. Бұл  оның азаматтық борышы деп есептеймін. Ал ақындық өнеріне келсек, өзінің үлкен-үлкен толғауларымен өзінің қаншалықты мол мүмкіндігін, ақындық мүмкіндігін көрсеткен ақын», – деді Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов.

Ал әлемдегі жағдайға байланысты Айсұлу Қадырбаева мерейтойын тойлауды жоспарламаған. Алайда Жазушылар Одағы 23 жасынан шығармашылыққа араласқан қаламгердің 70 жылдығын атап өтуді жөн көріпті.

«Қазақстан жазушылар одағы бастама көтеріп, басшылығында Ұлықбек Есдәулетов арқалы ақын енді қанша дегенмен, әдеби жолыңыз бар, еңбегіңіз бар сіңірген атап өтейік деп қолқа салып, мені орнымнан тұрғызды. Бүгін енді сәтті өтті деп есептеймін. Алған әсерім керемет, көптен-көп рақмет», – деді ақын, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир