Алматыдағы қай көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

21.11.2023 в 17:08

Аймақта орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыда Байзақов көшесінің учаскесінде жөндеу жұмысына қатысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байзақов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 21 қарашада сағ.23:00-ден 22 қараша сағ.06:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады.

«Dauren Build» ЖШС мердігер ұйымы 2023 жылдың тамызында Байзақов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскесінде жол жабындысының беткі қабатын алып тастағанымен, жаңа жол жабындысының жоғары қабатын төселмеген.

Жол жөндеу жұмыстары тапсырыс берушінің келісімінсіз 20 күннен астам тоқтатылған.

Тапсырыс беруші тарапынан жұмыстарды жалғастыру туралы бірнеше ескерту жіберілген болатын. Алайда мердігер ұйым өз жұмысын тек қазанда жалғастыра бастады. Сонымен қатар техникалық қадағалау қызметі жұмыс сапасына қатысты бірқатар ескертулер жасаған. Бірақ ақаулар күні бүгінге дейін түзетілмеген.

Сондықтан «Dauren Build» ЖШС-мен жасалған келісімшарт бұзылып, материалдар сотқа жіберілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше мердігер ұйым бірігіп жүргізетін болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір қала маңы бағыты ашылды