|
20.01.2021 | 18:01
1223

Алматыда "Карантиндік кішкентайлар" кітабының тұсаукесері өтті

Туындыда қалада пәтерде тұратын бір жанұяның карантин кезіндегі өмірі баяндалады

«Карантиндік кішкентайлар». Бүгін осындай атаумен балаларға арналған кітаптың тұсаукесері өтті.  Туындыда қалада пәтерде тұратын бір жанұяның карантин кезіндегі өмірі баяндалады. Авторлардың айтуынша, аталған еңбек ата-аналарға балалардың тәрбиесіне оң өзгеріс әкелуге және жан-жақты болуына септеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл туынды карантин уақытында жазылды. Танымдық мақсатта дайындалған кітапта балалар пандемия кезінде өзін қалай ұстау керек, қандай нәрсемен айналысу керек және өзге де отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңызы жайлы айтылады. Өзара қолдау, достық, махаббат – бұл туындының басты тірегі», – деді автор Елена Клепикова.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир