|
22.04.2021 | 18:16
985

Семейде 18 мектеп карантинге жабылды

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы «қызыл» аймаққа енген

edu.mcfr.kz

Семей қаласында тағы 5 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда шаһар бойынша 18 мектеп карантинге жабық тұр. Атап айтқанда, №7, 10, 11, 17, 18, 19.22, 28, 30, 32, 33, 35, 37.38, 40, 43, 49 және Аймауытов атындағы орта мектеп. 

«Статистика көрсеткендей, көбіне мектептегі 4-6 сынып аралығындағы оқушылар коронавирус жұқтырып жатыр. Осыдан екі күн бұрын 13 мектепте карантин енгізілсе, қазір тағы 5 білім ордасында карантин жарияланды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы «қызыл» аймаққа енген. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир