|
04.12.2020 | 21:20
1329

Тәуелсіздік жылдары әдеби, мәдени мұраларды түгендеуге ерекше мән берілді

Әдебиетшілер мен тарихшылардың талап-тілегі ескеріліп, ұлттық өзегіміздің сабақтастығын сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды

egemen.kz

Егемендік алғаннан кейін Елбасы енді ғана дамудың бағыт-бағдарын айқындай бастаған еліміздегі бірлікті нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуді де назардан тыс қалдырмады. Әдебиетшілер мен тарихшылардың талап-тілегі ескеріліп, мемлекеттігіміздің, тіліміздің, мәдениетіміздің, жазуымыздың, ұлттық өзегіміздің сабақтастығын сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбек тарқатады. Егемендік жылдарындағы оқиға жайлы кезекті сюжет.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен шығармашылыққа қолдау танытып, әдеби, мәдени мұраларымызды түгендеуге ерекше мән берді. Бұл ретте сонау 90-шы жылдардың өзінде зиялы қауым өкілдерімен бірнеше мәрте кездесті. Елбасы басқосуда Қазақстанның бағындырар жаңа белесі алдында ақын, жазушылармен ақылдасып, елді дамытуға бірлесе күш жұмсауға шақырды.

«Ал биылғы жыл «Халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп жарияладым. Бұл жылы да біз өткен, жинақталған тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да санадан әлі сарыла қоймаған тоталитаризм идеялогиясын ары қарай әшкерелеуді ары қарай жалғастыра түсуіміз керек», – деді Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айтып, зиялы қауым өкілдеріне ел тәуелсіздігін нығайтуда атқарылар жұмыстар туралы тілге тиек етті. Өз кезегінде олар да жас мемлекетіміздің жасампаз істерінің жалғасын табуына қолдапу танытты.

«Біздің 30 жылға жуықтаған тәуелсіздігіміз, біз айрылып қалған, біз жоғалтқан қасиеттерімізден, адам санынан, көптеген құндылықтарымыздан айырылып қалған болатынбыз соңғы 70 жылда. Соларды қалпына келітіріп жатырмыз. Тәуелсіздіктің тұғыры таймай тұрса, Құдай қаласа, Қазақстанда халық саны көбейеді, өмір сапасы артады», – деді жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай.

Еншімізді бөліп, бөркімізді аспанға атып, егемен ел болдық деп қуанғанмен, алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын білмедік дейді, Қазақстан Жазушылар төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

«Қалай болғанда да адамның күні адаммен болғаннан кейін, мемлекеттік күні мемлекетпен екен. Кейін түсіне бастадық. Азаматтық бостандық қана емес, ел бостандығы, сөз бостандығы, шығармашылық бостандық берді. Біз өз шығармаларымызды Мәскеу арқылы, болмаса орыс тілі арқылы емес, тікелей әлем тілдеріне аударуға мүмкіндік алдық осы тәуелсіздіктің арқасында», – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Бұдан бөлек тарихи танымға айрықша назар аударылды. Президент жарлығымен 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды. Үш жыл қатарынан тарихты ұлықтап, жаңғыртудың мәнісі егемендікті нығайту еді.

Асылбек Тойбек

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир