|
25.01.2021 | 20:05
2387

"Отбасындағы зорлық-зомбылық" туралы заң жобасына байланысты алматылықтардың пікірі қандай

Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, жаңа заң туралы сан түрлі пікір мен жазбаларға тап боласыз

Иллюстрация: Anita DuFalla/PublicSource

«Балаларымыздан айырылып қаламыз». Еліміздің бір топ ата-аналары осылай деп дабыл қағуда. «Отбасындағы зорлық-зомбылық» туралы заңнаманың қабылданбай жатып, қоғамда үлкен резонанс тудырғаны белгілі. Шикі заңды жан-жақты жұлмалап, қоғам ақырында екі пікірге бөлінді. Жақтаған, даттағандармен Almaty.tv тілшісі Айзада Бидан тілдесіп қайтты.

Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, жаңа заң туралы сан түрлі пікір мен жазбаларға тап боласыз. Қалай болғанымен көпшілік бұл заңды аямай сынап жатыр. Ең жиі талқыланған тақырыптардың бірі – баланың әке-шешесіне шағымдана алуы. Резонанс тудырған тағы бір тармақ баланың әлеуметтік тұрғыда өзі қалаған дүниесін талап етуіне қатысты.

«Өтпелі кезеңде балалар құбылмалы болады. Сол кезде баламен тіл табысу қиын, сәл ұрыс болса, ата-анаға қарсы шығып, хабарласу дұрыс емес. Мен сол жағынан келіспеймін», – деді қала тұрғыны Арайлым Смағұлова

«Отбасыдағы зорлық-зомбылық деп бір-екі мысалды көрсетті. Ал дефакто баланы ата-анадан айыру», – деді қала тұрғыны Ескер Молдабек.

«Мен жай ғана қарадым, түсініксіз, толықтыру енгізу керек. Бірақ мұндай заң керек. Отбасыда баланы ұру дұрыс емес», – деді қала тұрғыны Бекмұрза Айтжанов.

Ал ең сорақысы атышулы заң жобасы жүзеге асса, бетіне қарап отырған ұл қызымыз батыстың байлауына түсіп, білгенін істейді дейді, Қазақстан ата-аналар одағының өкілі

«Батыстың заңына ұқсас дегеннен кейін ойлана беріңіз. Олар қандай деңгейге жетті. Еркекпен еркек, әйелмен әйел үйленіп, ит пен мысықпен де. Олар да екі неке деген түсінік жоқ, некенің 58 пайыз деңгейіне жеткен. Бұл біздің қоғамға  сәйкес келмейді», – деді Қазақстан ата-аналар одағының өкілі Бағила Балтабаева.

Елімізде тұрмыстық зомбылықтың құрбаны болып, зардап шегіп жүргендер аз емес. Бірі қатігез ата-ананың таяғына тап болса, енді бірі күйеуінен зәбір көріп қорлануда.

«Күйеуінен зардап шеккен әйел құзырлы органдарға хабарласады. Ал олар күдіктіні тек 3 сағатқа ғана қамауға құқысы бар. Темір тордан шыққан азамат, үйіне барып әйеліне алғыс айтпайтыны түсінікті ғой, мұндай оқиғалардың соңы жақсылықпен бітпейді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Ал, журналист Асхат Садырбай мәселенің ақ-қарасын ажыратып алуды, жаңбыр жаумай су болудың қажеті жоқ. Басты мақсат балалардың құқығы қорғалу керек екенін алға тартады.

«Балаларлың құқығы өз дәрежесінде қорғалса деймін, бұл жерде тәйт десе баланы алып кету емес. Әртүрлі жағдайда өмір сүріп жатқан балалар бар, әртүрлі ата-ана бар. Әр түрлі қиын жағдайға тап болған балалардың өмірі бар», – деді журналист Асхат Садырбай.

Күні кеше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында, жаңа заңға қатысты пікірін білдірді. Жазба соңында, «Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау»  делінген. Енді мәжіліс депутаттары, аталған заңға өзгерістер енгізуді жоспарлауда.

Айзада Бидан, Арсен Сандыбаев «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир