|
19.10.2021 | 20:55
1714

Даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың қызы: «Әкем өте көпшіл адам еді»

Бүгін – халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні

Almaty.tv

Бүгін – «Халық қаһарманы», қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні. Ол – майдан жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білген жауынгер. Бүгінде батыр есімі мен ел егемендігі егіз ұғым. Себебі Рейхстагқа алғаш ту тігіп, сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған да сол болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Жас лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов екеуі өлімге қарсы шығып, көздеген нысанаға қол жеткізді. Алайда Кеңес өкіметі оның ерлігін басқалардың еншісіне жазып, ер есімін елемеді.

«Рейхстагқа Болатов есімді солдат екеуі қалай жеткенін сипаттап жазады. Сонда Қошқарбаев: «Біз жай уақытта жылдам тез жететін жерге еңбектеп, көзге түсіп қалмас үшін қайта-қайта жасырынып, ұзақ жеттік» деп жазады», – дейді Абай атындағы ҚАЗҰПУ «Ұлы дала тұлғалары» орталығының жетекшісі, профессор Гулшат Нурымбетова.

Анасынан ерте айырылып, артынша әкесі жалған жаламен сотталған Рақымжан Қошқарбаев 4 жасынан жетім қалады. Алайда тағдырдың қиындығына мойымай, өмірді сүйіп өтеді.

«Әкем өте көпшіл болатын. Жүрген жері мереке еді. Өзі сияқты ақкөңіл достары болды. Менің есімде ол жарқын жүзді кісі болып қалды. Есігіміз қонақтарға әрқашан ашық еді. Ол айтып, айтқанын істейтін азамат емес, бірден іске көшетін адам еді», – деп еске алады Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева.

Расымен, ондай мінез болмаса, сол туды тұғырына бәлкім басқа біреу қойған болар ма еді. Алайда, Тайтөбеде туған тау тұлғаның сол мінезі күллі жұртқа жеңіс әкелді.

Ел тағдырын, өз тағдырынан биік қойған батырдың ерлігін ұлықтау, егемен елдің ерлерінің еншісінде. Ендеше, жеңіс туын тігіп, жеңістің алауының мәңгі жануы үшін жан берген жауынгер есімі ел есінен еш кетпек емес!

Қайрат Советбекұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир