|
23.10.2020 | 21:14
1833

Тіл қорғаны: Жарнама тіліне жауап беретін заң бар ма

«Тіл туралы» заңда көрсетілген талап неге орындалмайды?

Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Қазіргі қоғамда кәсіптік мекемелердегі тіл ахуалы не себепті ақсап тұр? Бұл сауалға жауапты бүгін «Алматы» телеарнасынан көрсетілетін «Тіл қорғаны» атты бағдарламадан біле аласыздар. Жаңа жобаның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Түсірілім тобы әр хабарда түрлі нысандарды аралап, қазақ тілінде қызмет көрсетудің сапасын зерделейді.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік тілге қатысты осындай олқылықтар неге көп? Ал, «Тіл туралы» заңда көрсетілген талап неге орындалмайды? Қашан ана тілімізде көрнекі ақпарат, жарнама қатесіз жазылады? Армысыздар қадірлі көрермендер! Мұны біз «Тіл қорғандары» анықтаймыз.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл жоба  қазақ тілінің Тіл туралы заңнамада бекітілген өз дәрежесінде қолданылуын қадағалайды. Бұл жолы түсірілім тобы шаһар тұрғындарына танымал екі кәсіптік нысанды аралап, ондағы қызметтің мемлекеттік тілде ұсынылуына баға береді.

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін барлығы біледі. Мемлекеттік тілді қолданбай отыру заңбұзушылық болып табылатынына түсіністікпен қарап, белгілі бір мерзімде түзетуге уәде берді», – деді қоғам белсендісі Нұрлан Кәкітаев

«Тіл туралы» заңның талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге олқылықтарды түзетуге арналған ұсыным хаттар беріледі. Тіл жанашырлары, тіпті, көрнекі ақпараттарды аудару жұмыстарына да көмектеседі.

«Сіздер өте өзекті мәселені көтеріп жатқандарыңызға біз қуаныштымыз. Біздің тараптан да аздап кемшілік болғаны рас. Сол кем тұстарды енді бақылауға аламыз. Өздеріңіз көргендей, бізде көрнекі құралдардың басым бөлігі мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, қажеттілігіне қарай кәсіпкерлер де мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге тырысады», – деді орталық әмбебап дүкеннің директоры Сергей Иванов.

Осылай қазақ тілінің қолданылу аясын тексеру барысында тіл мамандары саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, қателерді түзету үшін уақыт беріледі. Бірақ, белгіленген мерзім аяқталғанда, сол кәсіптік нысандар қайта текесеріледі. Айта кетейік, тілге жанашыр «Тіл қорғаны» хабарын телекөрермендер әр жұма сайын, сағат 20:40-та «Алматы» арнасынан тамашалай алады.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» арнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир