|
19.05.2022 | 21:36
910

Ақылбек Күрішбаев: Қағаз жүзінде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенмен, еліміз импортқа тәуелді

Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін экспорттайтын әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді

Almaty.tv

Қағаз жүзінде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Ал шын мәнінде еліміз әлі де импортқа тәуелді. Сенат депутаты  азық-түлік инфляциясына қарсы мемлекеттік органдар жұмысын осылай сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін экспорттайтын әлемдегі 10 елдің қатарына кіретініне қарамастан, азық-түлік бағасының өсуі маңызды мәселеге айналып отыр.

«Қазіргі уақытта біздің мемлекеттік органдарымыз өрт сөндіру әдісімен жұмыс істейді деп айтуға болады, олардың іс-қимылы алдын алу сипатындағы шараларды қолдануға емес, аяқасты туындаған жағдайға жауап қайтаруға ғана бағытталған. Ең сорақысы, бізде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде жүйелілік жоқ», – деді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Ал Сенатор Динар Нөкетаева балабақшаларда жұмыс істейтін мамандардың 50%-ында мамандандырылған салалық білім жоқтығын айтты. Оның пікірінше, тәрбиешілердің еңбекақысын көтеру арқылы педагогтер тарапынан тәртіптік бұзушылықтарды азайтуға болады.

«Мектепке дейінгі білім беру саласында қаржыландыру, жалпы және ғылыми тәсілдер, кадрлық қамтамасыз ету және осы саладағы сапалы қолдау мәселелері бар. Осы факторлардың салдарынан мектепке дейінгі сала қызметкерлері педагогикалық және психоэмоционалдық тұрғыда ауыр жағдайға тап болады. Балаларға қол көтеруге дейін қатыгездік таныту, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер тарапынан тәртіптік бұзушылықтар жиі болып отыр», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир