|
26.11.2020 | 22:20
888

Елімізде қайырымдылық туралы заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін

Донорлық мәдениетті қалыптастастыру жұмыстары әлі бір жолға қойылмаған

Фото авторы: Сұлтан Сейітов

Қайырымдылық туралы заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ол туралы елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форум аясында ұйымдастырылған Донорлар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, еліміздегі донорлық мәдениетті қалыптастастыру жұмыстары әлі бір жолға қойылмаған.

«Біздегі донорлық мәдениет туралы айтар болсам, екі мәселе еріксіз қозғалады. Оның біріншісі – халықтың 90 пайызы мұндай қайырымды іске жақын. Мешіттерде, жекелеген орындарда қайырымдылық істері жиі көрініс тауып жатады. Ал екінші жағынан үлкен ұйымдар арқылы жасалып жатқан донорлық қызмет әлі дами қойған жоқ. Ең бастысы – халықтың донорлыққа деген көзқарасы, ниеті түзу. Ал оны бір ізге түсіріп, әлсіз тұстарын жетілдіріп, ортақ стандарттарға қою біздің басты мақсатымыз болып отыр», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.

Ал ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов азаматтық форум жұмысы ашық әрі қызу талқылаулармен жалғасып жатқанын айтты. Форумның бағдарламасы таңғы 07.00-ден, түнгі 00.00-ге дейін жалғасып  жатқанын мәлімдеді.

«Кәсіби ҮЕҰ-лар тек ірі қалаларда ғана бар деген пікір қалыптасқан. Оны биылғы форумның жұмысы толық жоққа шығарды. Өйткені біздің шараларға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан ғана емес, шалғай аудандарда жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік жетекшілері де қатысуда», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир